` Сейілда Байшақов: Ардагерлердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылданды
ЖОБА
Балалар-жасөспірімдер футболын дамыту тұжырымдамасы - 2012-2022
Дүкен

Сейілда Байшақов: Ардагерлердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылданды

Фото: www.kff.kz

05.12.2016, 10:11

539

Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов еліміздегі бұқаралық футболды дамытудың маңызды тұстарына тоқталды.

- Федерация еліміздегі футболдың дамуына баса назар аударады. Елімізде балалар, әуесқойлар және ардагерлер арасында көптеген жарыстар өткізіледі.

- Ардагерлер футболының жағдай қалай?  

- Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысында қазақ футболының ардагерлері үшін бөлінетін стипендия сөз болды. Шараның қорытындысы бойынша стипендияны көтеру шешімі қабылданды. Атақты спортшылар мен жаттықтырушылар бұрын 30 мың теңге алса, енді 55 мың теңгеге көтерілді. Бұл дұрыс шешім деп санаймын. Өйткені, бұл адамдар қазақ футболының бастауында тұрды. Олардың еңбектерін ұмытуға болмайды.

Олардың көпшілігі қазіргі күнге дейін отандық футбол үшін еңбек етуде. Ардагерлердің кейбірі балалар және жасөспірімдер футболында жұмыс істейді. Енді біреулері қоғамдық спорттық ұйымдарда қызмет атқарады. Сонымен қатар, ардагерлер арасында жарыстарға қатысады. Олар бұл арқылы өскелең ұрпаққа нағыз үлгі көрсетіп келеді. 

 

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру