` Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ҚР Президенті Кубогының иегері атанды
ЖОБА
Балалар-жасөспірімдер футболын дамыту тұжырымдамасы - 2012-2022
Дүкен

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ҚР Президенті Кубогының иегері атанды

12.08.2016, 19:28

1245

Футболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогының финалында Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары кездесті.

Шымкент қаласынының Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өткен ойын есепті Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет ашты. Ол бірінші таймның аяқталуына бес минут қалғанда мергендік танытты. Сонымен қатар, бірінші таймның ортасында Денис Красноперов тепкен доп қақпа торынан табылған еді. Алайда, төрешілер қазақстандық шабуылшының ойыннан тыс қалғанын бірден аңғарды.

Екінші таймда есе қайтаруға тырысқан Тәжікстан құрамасының бас бапкері Зайниддин Рахимов бірнеше футболшы алмастырды. Нәтижесінде Вахдат Ханоновтың алыстан бағыттаған соққысы қақпа торынан табылды. 

Алайда, ойынның тең аяқталуына келіспеген Жасұлан Қайыркенов кездесудің аяқталуына үш минут қалғанда Қазақстан құрамасын алға шығарды. Қорытынды есеп - 2:1.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогының иегері атанды. 

ҚАЗАҚСТАН - ТӘЖІКСТАН - 2:1 (1:0)

Гол: Сейдахмет 35, Қайыркенов 77 - Ханонов 61

Ескерту: Кеңесов 30

Қазақстан: Устименко, Әйтім, Ілиясов, Совет, Махан (Усачев 80+3), Жақыпбаев, Красноперов (Сидоров 80), Кеңесов (Шәмші 58), Қашкен (к), Сейдахмет, Қайыркенов (Ульшин 78).

Тәжікстан: Азизов (Р.Давлатов 73), Мирзоев (к), Малиев, Сафаров (Гоибов 80+2), Махмадзарифи (Иброгимов 60), Неъматов, Азимов (Ш.Давлатов 63), Мабатшоев, Едгоров (Абдуллоев 60), Ханонов, Самиев (Камчинов 52).

Төрешілер: Сахи (Қазақстан), Кочкаров (Қырғызстан), Кольев (Қазақстан), Сариев (Қазақстан).

Шымкент. Қажымұқан атындағы Орталық стадион. 10000 жанкүйер. 12 тамыз 2016 жыл.

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру