` Қазақстан - Албания - 1:0
ЖОБА
Балалар-жасөспірімдер футболын дамыту тұжырымдамасы - 2012-2022
Дүкен

Қазақстан - Албания - 1:0

11.08.2016, 22:48

1117

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ҚР Президенті Кубогындағы үшінші ойында Албания құрамасымен кездесті. Бұл ойында финалға шығатын команда анықталды.

Албания футболшыларына үш ұпай қажет болса, Қазақстан құрамасына тең нәтиже де жеткілікті болды. Командалар бірінші минуттан бастап ойын басымдығын қолға алуға тырысты.  
Александр Кузнецов шәкірттері қарсыластың айып алаңында қауіпті сәттерді жиі ұйымдастырғанымен, соңғы соққыны бағыттауға дәлдік жетіспеді. Кезекті шабуылдардың бірінде Еркебұлан Сейдахмет екі қорғаушыны алдап өткенімен, қақпашыдан айласын асыра алмады.

Дегенмен, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бірінші таймда көздеген мақсаттарына жетіп, есеп ашты. Сол қапталдан Руслан Махан көтерген пасты Еркебұлан Сейдахмет қақпаға баспен ұрып, қақпашыны қапы қалдырды. Есеп – 1:0.

Албания футболшылары қарымта қайтаруға тырысқанымен, Қазақстан құрамасының қақпашысы мен қорғаушылары сауатты ойнады. Екінші таймда алаңға бірнеше жаңа ойыншы шыққанымен, есеп өзгерген жоқ. .

Қазақстан - Албания - 1:0 (1:0)

Гол: Сейдахмет 30

Ескерту: Сағнаев 18, Жақыпбаев 35, Кеңесов 71 - Лекаж 3, Ошафи 42, Дода 80+1.

Қазақстан: Устименко (Медведев 80+2), Әйтім, Ілиясов, Шәмші, Сағнаев, Ульшин (Кеңесов 34), Махан (Сидоров 55), Жақыпбаев (Қайыркенов 55), Красноперов (Усачев 62), Қашкен, Сейдахмет (Колмонбетов 62).

Албания: Синани (Шаза 80+3), Дода, Сила, Ошафи, Буллари (Кавачаж 25), Халили, Шеху (Дажа 46), Маришта (Мурати 52), Терзиай (Ндож 65), Лико, Пеллумби, Лекаж

Төрешілер: Сариев, Тихонюк, Калачев, Сахи - (барлығы - Қазақстан)

Шымкент. Намыс стадионы. 150 жанкүйер. 11 тамыз, 2016 жыл.

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру