` Тәжікстан - Иран – 2:1
ЖОБА
Балалар-жасөспірімдер футболын дамыту тұжырымдамасы - 2012-2022
Дүкен

Тәжікстан - Иран – 2:1

11.08.2016, 22:29

1121

Футболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының финалына «Б» тобында Тәжікстан мен  Иран құрамалары таласты. Бұл ойында Тәжікстан футболшыларына жеңіс аса қажет болса, Иран құрамасын тең ойын қанағаттандыратын еді. Сол себепті Зиняддин Рахимов шәкірттері бірінші таймда көбірек шабуыл жасады. Нәтижесінде бірінші таймның соңында есеп ашты. Қорғаушы Хувайдо Малиев айып добынан жеткен пасты қақпаға тура бағыттады. 

Екінші таймда тәжік футболшылары есепті еселей түсті. Вахдат Ханонов пен Шахром Самиев қарымта шабуылда қарсыластың қорғанысын бұзып, соңғысы қақпашыны қапы қалдырды.  Қалған уақытта Иран футболшылары тек есепті қысқарта алды. Мохаммад Шарифи төреші белгілеген пенальтиден мүлт кетпеді. Қорытынды есеп – 2:1.

Тәжікстан құрамасы финалға жолдама алса, Иран футболшылары үшінші орынға таласады. 

Тәжікстан -  Иран – 2:1 (1:0)

Голдар:  Малиев 40+1, Самиев 43, Шарифи 67-пенальти.

Ескерту: Намдари 12, Малиев 37, Самиев 44, Азимов 70.

Тәжікстан: Азизов, Мирзоев, Малиев, Сафаров, Неъматов, Азимов (Давлатов 80+1), Мабатшоев (Иброгимов 80+4), Едгоров, Ханонов, Самиев, Махмадзарифи (Абдуллоев 64).

Иран: Исмаили, Ахани, Исмаилзаде (Годарзи 41), Мохаммед Алипур, Намдари (Гадери 41), Ходаморади, Нокхадкар (Делфи 53), Жалали, Асадабади (Хоссейнпур 72), Шариати.

Төрешілер: Лесив, Навроцкий, Ахметов, Кольев – (барлығы - Қазақстан).

Шымкент. «Намыс» стадионы. 500 жанкүйер. 11 тамыз, 2016 жыл. 

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру