` Аула футболында балаларды кәсіби бапкерлер жаттықтырады
ЖОБА
Балалар-жасөспірімдер футболын дамыту тұжырымдамасы - 2012-2022
Дүкен

Аула футболында балаларды кәсіби бапкерлер жаттықтырады

Фото: www.kff.kz

04.07.2016, 12:30

3240

Қазақстан футбол федерациясы елімізде балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамыту мақсатында Қазақстанда 2016-2026 жылдары футболды дамыту стратегиясының жобасы («Футбол жолы 2026» стратегиясы) аясында жұмысты бастап кетті.

Астана қаласының аулаларында 8 жастан жоғары балаларға футбол сабақтары тегін жүргізіледі. Қазақстан футбол федерациясы жаттықтырушыларды іріктеп, олардың еңбекақысы мен қажетті спорт жабдықтардың шығынын төлейді.

Болашағынан мол үміт күттіретін жас бапкерлер Ербол Мұсабаев пен Павел Халезов ұлдар мен қыздарға футболдың қыр-сырын меңгеріп, спорттың жаңа түрі - фристайлды үйренуге көмектеседі. Балаларға сыйлық ретінде ойын жейделері мен доптар таратылды.

- Бүгін алғашқы жаттығу болды. Балалар жаттықтырушымен танысты. Ауламызда футбол секциясы ашылды. Балалар жазғы демалыс кезінде жаттықтырушылардың бақылауында болады. Менің балама ұнайды деп ойлаймын. Енді футболды кәсіби деңгейде меңгермек. Бапкердің айтуымен қарсыласын алдауды,  ойын комбинацияларын ұйымдастыруды үйренеді деп ойлаймын, - дейді ата-аналардің бірі Елена Артемьева.

- Қазақстан футбол федерациясы «Футбол жолы 2026» бағдарламасының жобасын аясында аула футболын дамытпақ. Әрі қарай аптасына үш рет жаттығу жүргіземіз. Балалар біздің бақылауымызда болады. Көзге түскен балаларды футбол орталықтары мен балалар және жасөспірімдердің спорт мектептеріне жібереміз. Бапкермен жаттығу балаларға да қызықты болады деп ойлаймын. Өйткені, әртүрлі жаттығулар жасайды, - дейді бапкер Павел Халезов.

- Аулада күн сайын футбол ойнаймыз. Футболға келетін балалар көп. Өзіміз ойнағанда қызық үшін ойнаймыз, ал жаттықтырушы қателіктерімізді көрсетіп, шеберлігімізді шыңдауға көмектеседі. Достарымды шақырамын, - дейді футбол ойнауға келген Рауан Еркінбек

Мекенжай:

1. Есіл ауданы, Сауран көшесі 5а, Сарайшық көшесі 34

2. Алматы ауданы, Абылайхан көшесі 49/3, Жұбанов көшесі 10

Осы аптада елорданың тағы төрт алаңында футбол секциясы ашылады. Спорт орталықтарында жұмыс істеуге тағы екі жаттықтырушы шақыртылады. Яғни, футболмен жаттығатын балалардың 120-ға артады. 

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру