` Тарих

Қазақ футболы тарихының негізгі кезеңдері

25 сәуір, 2002 жыл 
Стокгольмде өткен УЕФА Конгресінде Қазақстан футбол одағы Еуропа футбол қауымдастықтары одағының құрамына қабылданды.

 

7 шілде, 2002 жыл 

Қазақстан Ұлттық құрамасы УЕФА аясында алғашқы матчын өткізді. Алматыда Эстония құрамасымен өткен жолдастық матч 1:1 есебімен аяқталды. 
 
18 және 25 шілде, 2002 жыл 
Қазақстан клубтар еурокубокта алғашқы ойындарын өткізді. Қазақстан чемпионы «Жеңіс» Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде молдовалық «Шериф» клубымен кездесті. Тираспольдық команда жарты жылдан кейін Мәскеуде өткен Достастық Кубогының жеңімпазы атанды. Тираспольде өткен алғашқы ойын 2:1 есебімен Молдова чемпионының пайдасына шешілді. Қарымта ойында  «Жеңіс» 3:2 есебімен жеңіске жетті, бірақ келесі айналымға сырт алаңда соғылған голдардың саны бойынша «Шериф» шықты. 
 
15 және 29 тамыз, 2002 жыл 
Қазақстан вице-чемпионы «Атырау» мен ел Кубогының иегері «Қайрат» УЕФА Кубогының іріктеу кезеңіне қатысқан алғашқы қазақстандық клуб атанды. «Атырау» екі ойын қорытындысы бойынша Словакияның Пухов қаласының «Матадор» командасына есе жіберді (өз алаңында - 0:0 және сырт алаңда - 0:2). «Қайрат» Югославияның Белград қаласының клубы «Црвена Звездадан» айласын асыра алмады (өз алаңында - 0:2 және сырт алаңда - 0:3).
 
10—13 қазан, 2002 жыл
Алматылық «Әліби» мини-футбол клубы футзалдан УЕФА Кубогына қатысты. Қазақстандық клубтың топтық кезеңдегі қарсыластары «Зрински Карака» (Босния және  Герцеговина), «Клирекс» (Польша)  және «Антена 3 Бумеранг» (Испания) атанды. Топтық кезеңдегі барлық матч Босния және Герцеговинада өтті. Қазақстандық футболшылар алаң иелерінен 1:3, испаниялықтардан 1:11 есебімен жеңілді. Ал, польшалық клубпен 4:4 есебімен тең ойнады. 
 
27—29 қараша, 2002 жыл 
УЕФА президенті Леннарт Юханссон Қазақстанға ресми сапарын жасады. Еуропалық футбол басшысымен бірге УЕФА вице-президенті Пер-Равн Омдал, УЕФА бас директорының орынбасары Маркус Штудер және УЕФА қазынашысы Джо Шпрингерс келді. Алматыда Леннарт Юханссонның Парламент Сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов және қала әкімі Виктор Храпуновпен кездесуі өтті.  Леннарт Юханссонның сапарының мақсаты қазақстандық футболдың жағдайымен танысу болды. 
 
5 желтоқсан, 2002 жыл
Қазақстан әйелдер құрама командалары арасында алғаш рет Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсіміне қатысты. Біздің команданың қарсыластары Израиль, Беларусь және Эстония атанды. 
 
13 желтоқсан, 2002 жыл 
17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасында Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақста жеребе тарту рәсіміне алғаш рет қатысты. 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары Украина, Молдова және Эстония, 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының қарсыластары Австрия, Югославия және Швеция болды. 
 
Желтоқсан, 2002 жыл 
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Леонид Пахомов тағайындалды. Ол ел құрамасын жаттықтырған алғашқы шетелдік бапкер атанды. 
 
22 қаңтар, 2003 жыл 
Қазақстан футбол одағы, «Хабар» агенттігі және «Самсунг Электроникс» компаниясы әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Олар 2003 жылғы ел чемпионатының әр турынан телевизиялық трансляция жүргізудің ортақ жобасын әзірледі. 
 
1 шілде, 2004 жыл 
«Қазақстандық футбол: 1913—2003  ж.ж.» анықтамалығының үшінші томының тұсаукесері өтті. Бұл «Қазақстандық футбол: 1913—2003 ж.ж.» анықтамалығының соңғы томы болды. Басылым отандық футболдың төңірегіндегі статистикалық мәліметтермен толық қамтылған. 
 
12 тамыз, 2004 жыл
Қазақстан футбол одағының Атқарушы комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан футбол одағының Құрметті Президенті атанды.


8 қыркүйек, 2004 жыл 
Қазақстан Ұлттық құрамасы өз алаңында Украина құрамасын қабылдап, Әлем чемпионатының еуропалық іріктеу турнирін бастады. Бас бапкер Сергей Тимофеев болды. Бір күн бұрын Ойрат Сәдуовтің жетекшілігімен Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде алғашқы матчын өткізді. 
 
14—15 қыркүйек, 2004 жыл 
ФИФА президенті Йозеф Блаттер Қазақстанға ресми сапар жасады. Сапар барысында әлемдік футболдың басшысы Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Оралбай Әбдікәрімовпен кездесті. Сонымен қатар, Блаттер мырза Қазақстан футбол одағының президенті Рахат Әлиевпен Талғар қаласындағы (Алматы облысы) футбол алаңы құрылысының алғашқы кірпішін қалады. Бұл футбол академиясын құрудың бастауы болды. ФИФА президентімен бірге Азия футбол конфедерациясының президенті Мохаммед Бин Хамам, ФИФА президентінің көмекшісі Гай Филипп Мэтью, Азия футбол конфедерациясы президентінің көмекшісі Али Аль-Мешади, ФИФА-ның даму менеджері Ева Паскьер,  ФИФА-ның Мәскеудегі өкілі Валерий Чухрий және қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері Дэвид Ауссеил келді. 
 
Қараша, 2004 жыл
ФИФА Қазақстандағы футболды дамыту және өркендетуге қосқан үлесі үшін Қазақстан футбол одағының президенті Рахат Әлиевті жоғары дәрежелі орденмен марапаттады. 
 
3—14 мамыр, 2005 жыл
Қазақстандық лайнсмен Руслан Дүзмамбетов Италияда өткен жасөспірімдер арасындағы (U-17) Еуропа чемпионатында қызмет атқарды.
 
6 шілде, 2005 жыл 
Алматыдағы «Цесна» стадионында Қазақстан футбол одағы мен УЕФА бірлесіп салған футбол алаңының салтанатты ашылуы өтті. Швейцарияда әзірленген 22мх12м көлеміндегі жасанды алаң үлкен футбол жеңістерін армандайтын қазақстандық балаларға ерекше сыйлық болды. Ашылу салтанатына Қазақстан футбол одағының президенті Рахат Әлиев, УЕФА өкілдері Эггерт Магнуссон (Исландия футбол одағының президенті, Атқарушы комитетінің мүшесі), Якоб Эрель (Ұлттық қауымдастықтар департаментінің басшысы) және Гри Сандо (Ұлттық қауымдастықтар департаменті басшысының көмекшісі) қатысты.
 
6—7 қыркүйек, 2005 жыл 
ФИФА және УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі, үш дүркін «Алтын доп» иегері Мишель Платини Қазақстанға ресми сапар жасады. Атақты футболшы Алматыда Еуропа-2006 жастар чемпионатының іріктеу турнирі мен 2006 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан-Грекия матчын тамашалады. 
 
24 қазан, 2005 жыл 
Алматының Орталық стадионында ҚР жоғары оқу орындары арасында Қазақстан Президенті Кубогының финалдық матчы өтті. Турнир осы жылдың сәуірінде бастау алды. 
 
28 желтоқсан, 2005 жыл 
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне голландиялық маман Арно Пайперстің тағайындалуы жөнінде келісімшарт жасалғаны жөнінде хабарланды. 2006 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан футбол одағының кеңсесінде ол жаңа қызметтегі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді. 
 
12 қаңтар, 2006 жыл
Қазақстан футбол одағының конеренциясы өтті. Конференция жұмысына Қазақстан футбол одағының президенті Рахат Әлиев, Атқарушы комитет мүшелері және аймақтық футбол федерацияларының делегаттары қатысты. Жиынның қорытындысы бойынша Қазақстан футбол одағының президенті Рахат Әлиев төрт жылға қайта сайланды. Қазақстан футбол одағының президенті үміткерлігін делегаттар толық қолдады. 
 
14 ақпан, 2006 жыл 
Иордания — Қазақстан (2:0) жолдастық матчында Ұлттық құрама тарихында ең жас футболшы алаңға шықты. Ол «Астана» жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев болды. Сол күні ол 17 жас, 4 ай және 25 күнде болды.

 
5 сәуір, 2006 жыл 
Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған «Coca-Cola Былғары Доп» футбол турнирі басталды. Жарысты Қазақстан футбол одағы, ҚР Білім және Ғылым министрлігі, сонымен қатар, «Coca-Cola» компаниясы ұйымдастырды. Үш жас категориясынан тұратын турнирге еліміздің 5 000 мектебінің оқушылары жиналды. Жыл қорытындысы бойынша турнир Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболындағы ең маңызды оқиға ретінде УЕФА дипломым алады.
 
2006 жыл
Футзалдан Қазақстан чемпионы «Қайрат» (Алматы) халықаралық деңгейдегі ірі табысқа қол жеткізді.  Олар 2005/2006 жылғы УЕФА Кубогының жартылай финалына шықты. 
 
Ақпан, 2007 жыл
Қазақстан футбол федерациясы құрылды
 
7 наурыз, 2007 жыл
Жартылай қорғаушы Руслан Балтиев «Кубок-АЛМА-ТВ» Халықаралық турнирінде Қырғыз құрамасына қарсы алаңға шығып, Қазақстан Ұлттық құрамасының жейдесінде 50 матч өткізген алғашқы футболшы атанды.   
 
24 наурыз, 2007 жыл
Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан Ұлттық құрамасы алғаш рет УЕФА аясындағы ресми ойында жеңіске жетті. EURO-2008 іріктеу турнирі шеңберінде біздің футболшылар 2:1 есебімен Сербия құрамасымен басым түсті. Гол соққан футболшылар Қайрат Әшірбеков (48 минут) және Нұрбол Жұмасқалиев (67 минут).
 
28 тамыз, 2007 жыл
Қазақстан футбол федерациясының сайлау конференциясы өтті.

1990 жыл

 Алматылық «Қайраттың» ардагерлері КСРО чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды. Сочиде өткен финалдық ойында қазақстандық команда Краснодар қаласының «Кубань» клубына 2:4 есебімен есе жіберді. 

 

1990 жыл

Алматылық «Мерей» жоғары лига командалары арасында КСРО әйелдер чемпионатына қатысқан алғашқы қазақстандық клуб атанды. 

 

1991 жыл

Алматылық «Мерей» клубы ГФР-де өткен Халықаралық әйелдер турнирінде жеңімпаз атанды. Олар Германия, Швейцария, Венгрия және өзге елдерден келген 33 команданың ішінен озық шықты. 

 

1992 жыл

Қазақ КСР футбол қауымдастығы Қазақстан Республикасы футбол қауымдастығы болып өзгерді. 

 

1992 жыл

Қазақстан Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) мен Азия футбол конфедерациясының (АФК) мүшесі болып қабылданды.  

 

1992 жыл

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Кубогы өтті. Екі турнирде де алматылық «Қайрат» жеңіске жетті. 
 

1992 жыл

Қазақстан Ұлттық құрамасы халықаралық аренада алғашқы матчын өткізді. Орталық Азия Кубогының І жарысында екі айналымнан тұратын турнирде жеңіске жетіп, алғашқы ірі табысқа кенелді.

 

1993 жыл
Алматылық «Мерей» футзалдан әйелдер арасындағы І Ұлтаралық Кубоктың жеңімпазы атанды. 

 

1993 жыл
Алматылық «Мерей»футзалдан әйелдер арасындағы І Ресей ашық чемпионатында жеңіске жетті. 

 

1994 жыл
Қазақстан ФИФА мен АФК толық құқылы мүшесі болып қабылданды. 


1994 жыл
Қазақстан жасөспірімдер  (U-16) және жастар (U-19) құрамасы жасөспірімдер арасындағы VI Азия чемпионаты мен жастар арасындағы ХХIХ Азия чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қатысып, халықаралыө аренада алғашқы ойынарын өткізді. Азия чемпионатының іріктеу және финалдық турнирі осы жас категориясы бойынша Әлем чемпионаттарының іріктеу кезеңі саналады. 

 
1994 жыл
Қазақстан жастар құрамасы ХХIХ Азия чемпионатының іріктеу тобының жеңімпазы атанып,  финалдық кезеңге жолдама алды. 

1994 жыл
Павлодарлық «Аңсат» пен жамбылдық «Тараз» клубтары ХIV Азия чемпиондарының Кубогы мен  V Кубок иегерлерінің Кубогына қатысып, Азия футбол конфедерациясының ресми клубтық турниріне қатысқан алғашқы қазақстандық команда атанды. 

1994 жыл
Жамбылдық Азияның V Кубок иегерлерінің Кубогында Орталық Азия іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, турнирдің екінші айналымына өткен алғашқы қазақстандық команда атанды.

1994 жыл
Алматылық «Қайраттың» ардагерлер құрамасы Австралияның Брисбен қаласында өткен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды. Үшінші орын үшін тартыста Сидней (Австралия) қаласының ардагерлер құрамасын 2:1 есебімен ұтты. 

1995 жыл
Қазақстан олимпиадалық құрамасы халықаралық аренада алғашқы жарысын бастап, Атлантадағы ХХVI Олимпиадалық Ойындардың Азия аумағы бойынша топтық іріктеу кезеңінде жеңіске жетті. 

1995 жыл
Семейлік «Елімай» мен ҚР олимпиадалық құрамасының шабуылшысы Олег Литвиненко Азия аумағы бойынша «Атланта-96» іріктеу кезеңінде 10 гол соғып, ең үздік сұрмерген атанды. 

1995 жыл
Жоғарыда аталған көрсеткіштері үшін қазақстандық Олега Литвиненко 1995 жылдың қазанында Азия футбол конфедерациясының үздік ойыншысы деп танылды. 

 


Олег Литвиненко
1995 жылдың қазанында Азияның ең үздік ойыншысы

 

1995 жыл
Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық аренада алғашқы жарысын бастады. Олар әйелдер арасындағы Х Азия чемпионатының іріктеу турниріне қатысты. 

1995 жыл
Семейлік «Елімай» ХV Азия чемпиондарының Кубогы қатысып, алғаш рет турнирдің екінші кезеңіне шыққан қазақстандық команда атанды. 


1940 жыл
Қазақстандық клубтың бүкілодақтық деңгейде алғаш рет жеңіске жеткен жылы. Алматылық «Динамо» Таганрогта өткен КСРО-ның  Денешынықтыру ұжымдары Кубогының финалындағы екінші матчта  жергілікті «Торпедоны» 3:1 есебімен ұтып, бағалы жүлдеге қол жеткізді. Халық арасында «Миллиондар кубогы» деген атқа ие бұл жарыстың бастапқы кезеңінде ұзын саны 2150(!) өнер көрсеткен.

 
1946 жыл
Қазақстанның спорттық ұжымдар арасындағы І Чемпионаты тұсауын кесті. Турнирдің алғашқы жеңімпазы жамбылдық «Локомотив».


1948 жыл
Спорттық ұжымдар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогы сарапқа салынды. Аталмыш жүлденің алғашқы жеңімпазы - қарағандылық «Динамо».


1951 жыл
Алғашқы кезеңдерде Баку, Одесса және Сталинградттық ұжымдарды жеңген шымкенттік «Металлург» ВЦСПС Кубогының финалына жолдама алды. Ақтық сында оңтүстікқазақстандық ұжым кемеровтік «Шахтерді» 3:1 есебімен ұтты.


1957 жыл
Қазақстан футболының тарихындағы алғашқы ресми халықаралық матч. Алматыда жергілікті «Қайрат» финляндиялық «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

 
1959 жыл
Қазақ КСР футбол федерациясы құрылды.


1960 жыл
Алматылық «Қайрат» қазақстандық командалар арасында алғаш рет жоғары дивизион клубтары арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға жолдама алды.

 
1960 жыл
Қазақстандық футболшылар КСРО Чемпионатының жоғары дивизионындағы алғашқы голдарын соқты. Мәскеулік «Локомотивтің» қақпасына соғылған тарихи голдың авторы қайраттық Сергей Квочкин.


1960-61 жылдар
Өскемендік «Торпедо» Миллиондар Кубогының жартылай финалына шықты.


1962 жыл
Қарағандылық «Шахтер» қазақстандық клубтар арасында алғаш болып КСРО-ның «Б» класындағы командалар өнер көрсететін чемпионатының ІІ аймағында жеңімпаз атанды. Аталмыш турнирдің І және ІІ аймағындағы жеңімпаздар арасында өткен екі кездесуден тұратын финалдық ойынның қортындысы бойынша қарағандылықтар Гомель қаласының  «Локомотив» командасын ұтып (1:0 и 0:0), КСРО чемпионатының «А» класындағы командалар бәсекесіндегі ІІ топта өнер көрсетуге мүмкіндік алды.


1963 жыл
Алматылық «Қайрат», КСРО–ның XXII Кубогының жартылай финалына шығып, қазақстандық клубтардың аталмыш турнирдегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізді. Финалдың жолдамасына таласқан алматылықтар мен донецкілік «Шахтер» арасындағы жартылай финалдық кездесудің тек қосымша уақытында ғана украиналық команда 2:1 есебімен жеңіске жете алды.


1964 жыл
Алғашқы кезеңдерде жоғары нәтиежелерге қол жеткізген өскемендік «Торпедо» Миллиондар Кубогының «Үлкен финалына» жолдама алды. «Динамо-3» (Мәскеу) - 3:2 есебімен ұтып, молодечиналық «Норочьпен» өткізген кездесуді  0:0  нәтижесімен аяқтап,  Белая Калитвалық «Трудтан»  2:0 есебімен жеңіліп қалған шығысқазақстандықтар турнирде үшінші орынға ие болды. Бұл бәсекеге сол жылы тұтастай алғанда 40286(!) команда қатысқан. Жарыс қортындысы бойынша торпедолық қақпашы А. Лазарев пен шабуылшы Ю. Тимошенко өз ойын жүйелері бойынша үздік футболшылар болып танылса, ұйымдастырушылар «Торпедо» футбол клубын «Адал ойын» жүлдесімен де марапаттады.


1966 жыл
Алматылық  «Қайрат» жоғары лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қорытындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды.


1967 жыл
Қарағандылық «Шахтер» «А» класындағы ІІ топтың ІІІ бірлестігіндегі командалар арасында жеңіске жетіп КСРО чемпионатының жоғары лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін жолдама сарапқа салынар шешуші турнирге қатысты. Бұл бәсекенің финалдық кезеңінде «Шахтер» кировабадтық «Динамомен» бірдей ұпай жинағанымен, қосымша белгіленген кездесуде қарсыластарынан  1:0 есебімен жеңіліп қалды.

 
1968 жыл
КСРО Футбол федерациясы «Б» класындағы командалардың қазақстандық аймағын құрады. Жалпы саны 21 клуб қатысқан аймақтық жарыстың алғашқы жеңімпазы жезқазғандық «Еңбек».  

1968 год
Кәсіби клубтар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогының бәсекесі өткізіліп, бас жүлдеге целиноградтық  «Динамо» қол жеткізді.

1996 жыл

Семейлік «Елімай» Достастық Кубогында ширек финалға шығып, турнирдің екінші кезеңіне шыққан алғашқы қазақстандық клуб атанды. 

 

1996 жыл
Бразилиялық шабуылшы Маркос Роберто Сампайо Пимента мен жартылай қорғаушы Антонио Роберто зе Мария семейлік «Елімайға» шақырту алып, қазақстандық клубтарда ойнаған алғашқы алыс шетелдік футболшылар атанды. 

 

1996 жыл
ФИФА төрешісі, семейлік Александр Борисов жасөспірімдер арасындағы  VII Азия чемпионатының финалындық матчына төрелік етіп, Азия футбол конфедерация құрлықтың басты матчтарына шақырылған алғашқы қазақстандық төреші атанды. 

 
1996 жыл
Қазақстан Ұлттық құрамасы  XI Азия чемпионатына қатысып, Азия футбол конфедерациясы аясында алғашқы ойынын өткізді. 

 

1996 жыл

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Иран астанасы Тегеранда III Әлем чемпионатына қатысып, ФИФА аясында алғашқы ресми турнирін өткізді. 

 

1996 жыл
Шымкенттік  СКИФ «Ордабасы» Азия Кубок иегерлері Кубогының VII чемпионатының ширек финалына шығып, турнирдің үшінші кезеңіне шыққан алғашқы қазақстандық клуб атанды.  



1997 жыл
Семейлік «Елімай» «Түркіменбашы Кубогы» Халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды. 

 

1997 жыл
Семейлік «Елімай» Германияның Штаккерау қаласында өткен «Штаккерау-97» Халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Олар шешуші ойында Австрияның Тироль қаласының «Сваровски-Тироль» командасын 2:0 есебімен ұтты.  

 

1997 жыл
Қазақстан Ұлттық құрамасы 1998 жылғы Францияда өткен XVI Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысып, Азия құрлығындағы алғашқы іріктеу кезеңінің тобында жеңіске жетеді. 



1998 жыл
Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатының іріктеу тобының екінші мәрте жеңімпазы атанып, турнирдің ХХХI жарысының финалдық кезеңіне жолдама алды. 


1998 жыл
Қазақстан жастар құрамасы ХХХI Азия чемпионатының финалдық кезеңінде төртінші орынға ие болып, жасөспірімдер арасындағы Х Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғау құқығын жеңіп алды. Тұңғыш рет қазақстандық футбол Әлем Кубогының финалдық кезеңіне шықты. 



1998 жыл
Азия футбол конфедерациясы 1998 жылдың қазанында Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Владимир Фомичевті Азияның ең үздік деп таныды. 

 

1998 жыл
Қазақстандық футболдың ардагерлер құрамасы Біріккен Араб Әмірлігінде ардагерлер арасында азиялық Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды. 

1998 жыл
Семейлік «Елімай» қазақстандық клубтар арасында бірінші болып Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды. 



1999 жыл
Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Ерлан Оразаев жасөспірімдер арасындағы Х Әлем чемпионатында Хорватия құрамасының қақпасына гол соғып, футболдан әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық футболшы атанды. 

 

1999 жыл
Қостанайлық «Тобыл» Тунисте өткен Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Қостанайлықтар шешуші ойында Африка чемпиондары Кубогының иегері Сус (Тунис) қаласының «Этуаль» футбол клубымен 0:0 есебімен ойнап, ұпай саны бойынша басым түсті.  

 

1999 жыл  
ФИФА 1998 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстанды өз футболының дамуында ілгері жылжыған әлемнің он үздік елінің қатарына енгізді. 



1999 жыл
Азия футбол конфедерациясының 1998 жылғы маусымының қорытындысы бойынша Қазақстан өз футболын дамытуда ілгері жылжыған азиялық бес елдің қатарына енді.  



1999 жыл
Қазақстанның олимпиадалық құрамасы 2000 жылғы Сиднейдегі ХХVII Олимпиада ойындарының Орталық Азия аймағы бойынша іріктеу турнирінің бірінші кезеңінде өз тобында жеңіске жетті. 



1999 жыл 
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Азия футбол конфедерациясының ресми турниріне алғаш рет қатысты. Олар Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өткен І Азия чемпионатында сынға түсіп, қола жүлде жеңіп алды. 



1999 жыл  
Азия футбол конфедерациясы 1999 жылдың қараша айында алматылық «Қайрат» пен Қазақстан олимпиадалық құрамасының жартылай қорғаушысы Андрей Травинді ең үздік гол авторы деп таныды.  Ол голды Азия аумағы бойынша «Сидней-2000» іріктеу кезеңінде Таиланд олимпиадалық құрамасының қақпасына соқты. 


1999 жыл
Азия футбол конфедерациясы 1999 жылдың маусымында Қазақстан олимпиадалық құрамасының бас бапкері Владимир Фомичевті ең үздік жаттықтырушы деп таныды. 



1999 жыл
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының ойыншысы Андрей Мирошниченко Қазақстан чемпионатында 100 гол соққан, алғашқы футболшы атанды. 


 


Андрей Мирошниченко
Қазақстан Республикасы чемпионатында алғаш болып жүз гол соқты 
2000 жылдың ақпанында Азияның үздік голының авторы



1999 жыл
Павлодарлық «Ертіс» ХIХ Азия чемпиондары Кубогының ширек финалына шығып, турнирдің үшінші кезеңіне өткен алғашқы қазақстандық команда атанды. 

 


2000 жыл
Азия футбол конфедерациясы павлодарлық «Ертістің» ойыншысы Андрей Мирошниченконы 2000 жылдың ақпанындағы ең үздік голдың авторы деп таныды. Гол  ХIХ Азия чемпиондары Кубогының ширек финалында Ирактың «Полис клаб» (Бағдад) командасының соғылды. 


 

1971 жыл.
Қазақстанның клубтық футбол тарихындағы ең ірі жеңісі тіркелген жыл. Алматылық  «Қайрат» Кеңес Одағы клубтарының арасында алғаш болып Теміржолшылардың Халықаралық Спорттық Одағы Кубогын жеңіп алды. Ақтық сынға барар жолда алматылықтар Кошицелік «Локомотивті» (Чехия) үйде 4:1, сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Содан кейін біздің команда Алматыда софиялық «Славиядан» (Болгария) 1:3 есебімен жеңіліп қалғанымен, сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, финалда Бухаресттің «Рапидімен» кездесіп Румынияда өткен кездесуде 1:1 нәтижесіне қол жеткізді. Ал Алматының Орталық стадионында 32 мың жанкүйер тамашалаған тарихи кездесуде «Қайрат» 1:0 жеңіске жетіп, мәртебелі жүлдені ұтып алды.
 

1971 жыл
Алматылық  «Қайраттың» қорғаушысы  Сейілда Байшақов «Смена» жастар апталығы жүргізген сауалнама қортындысы бойынша КСРО чемпионатының жоғары дивизионындағы «Үздік жаңа есім» болып танылды.

1973 жыл

Қазақстан жастар құрамасы Бүкілодақтық «Переправа» турнирінің күміс жүлдегері атанды.

1975 жыл.
Теміртаулық «Болат» футбол клубы қазақстандық командалар арасында екінші болып Миллиондар Кубогын ұтып алды. Финалдық кездесуде металлургтер Раменскінің «Сатурнды» 1:0 есебімен ұтып кетті.
 

1976 жыл
Алматылық «Қайрат» қазақстандық футбол тарихында алғаш рет КСРО бірінші лига клубтарының чемпионатында жеңіске жетті.

1976 жыл
Алматылық шабуылшы Александр Хапсалис пен павлодарлық қорғаушы Александр Кадейкин жасөспірімдер арасындағы (U-19) Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.
 

1977 жыл
Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Сейілда Байшақов қазақстандық футболшылар арасында бірінші болып КСРО құрамасына шақырту алды. Футболшы Кеңес Одағы құрамасы сапындағы алғашқы матчын 1978 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Будапештте Венгрия құрамасына қарсы өткізді.

1980 жыл
Павлодарлық  «Трактор» самарқандтық «Динамо» мен  тольяттилік «Торпедо» біріккен топтан үздік шығып, екінші лига клубтарының арасындағы КСРО чемпионатының VII аймағында жеңіске жету арқылы Қазақстан атынан Кеңес Одағы біріншілігінің бірінші лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

1980 жыл
Алматылық «Қайрат» екінші рет жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қорытындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды.

1981жыл.
Алматылық «Қайрат»  «Неделя» газетінің жүлдесі үшін өткен Қысқы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Алматылықтар мен мәскеулік «Динамо» арасында өткен финалдық кездесудің негізгі уақыты нәтижесіз тең есеппен аяқталған болатын. Жеңімпаз матч соңындағы пенальтиде анықталды. «Қайрат»  5:4 есебімен жеңіске жетті.

1983 жыл
Алматылық «Қайрат» екінші рет Бірінші Лига командаларының арасындағы КСРО Чемпионатының алтын жүлдесін ұтып алды.
 

1985 жыл
Қазақстандық балалар мен жасөспірімдер футболының түлектері Бүкілодақтық аренадағы алғашқы ірі жеңістеріне қол жеткізді. Минскіде өскемендік «Спутник-2» командасы «Былғары доп» турнирінің ересек жас дәрежесіндегі футболшылар турнирінде бас жүлдеге ие болса, Қазан қаласында өткен орта жас дәрежесіндегі балалар жарысында жамбылдық «Жалын»   жеңімпаз атанды.

 

1986 жыл
«Футбольное обозрение» бағдарламасының жүргізген сауалнамасының қортындысы бойынша  Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Вахид Масудовтың Алматыда өткен кездесуде днепропетровскілік  «Днепрдің»  қақпасына соққан голы Жоғары Лига командаларының арасындағы XLIX КСРО Чемпионатының үздік голы болып танылды.

 

1986 жыл
Жоғары Лига командаларының арасында өткен КСРО чемпионатында қортынды жетінші орынға ие болған алматылық «Қайрат» қазақстандық клубтардың аталған турнирдегі ең үлкен нәтижесіне қол жеткізді.

1988 жыл.
Алматылық «Қайраттың»  жартылай қорғаушысы Евгений Яровенко КСРО олимпиадалық құрамасының сапында Сеулде өткен ХХIV жазғы Олимпиалық ойындардағы футбол турнирінің алтын жүлдесін жеңіп алу арқылы отандық футбол тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атанды.

1988 жыл.
Алматылық «Қайрат» КСРО Федерация Кубогының жеімпазы атанды. Кишиневтің Республикалық Стадионында өткен финалдық кездесуде алматылықтар бакулік «Нефтчиді» 4:1 есебімен ұтты.

1988 жыл
Қазақстандық қыздар командасы Бүкілодақтық  ресми кездесуге қатысты. Мәскеу облысындағы Кашира қаласындағы «Собеседник» апталығының жүлдесі үшін өткен ІІ Бүкілодақтық турнирге «Претендент» қыздар командасы атсалысты.

1989 жыл
Қазақ КСР Футбол ассоциациясы құрылды.
 

1989 жыл
Алматылық  «Қайраттың» шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди қазақстандық футболшылар бірінші болып шетелдік клубпен келісімшарт бекітті. Оның алғашқы шетелдік клубы грекиялық «Левадиакос» болды.


1913-14 жылдар
Семей қаласында  ССК, «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және «Ярыш» атты алғашқы қазақстандық командалар пайда болды. Кейбір деректерде аяқ доп ойынын Орталық Азия мен Сібір бойынша ірі сауда орталықтарының бірі саналған Семей қаласына ағылшын саудагерлері алып келгені айтылады. Кезінде «Ярыш» футбол клубының сапында қазақ атын әлемге «Абай жолы» роман-эпопеясымен танытқан әдебиет алыбы Мұхтар Омарханұлы Әуезов  (1897 - 1961), өнер көрсеткен.  Оның өмірлік туындысы қырық сегіз елдің тіліне аударылып, жалпы жиынтығы 2 000 000 данамен таратылған әлемдік әдебиеттің алтын қорындағы құнды шығармалардың бірі. Жас Мұхтармен бірге жасыл алаңға шыққан отандық футболдың қарлығаштары Ахметсәлім Кәрімов (капитан), Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнус Нигматуллин, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Гусман Ямбушев, Сабыржан Ахмедшин секілді жеткіншектер біздің елде бұл спорт түрінің кең таралуына жол ашты. Семейлік футбол жылнамашысы Евгений Один тапқан деректерге сүйенер болсақ «Ярыш» халықаралық бәсекеге қатысқан алғашқы команда болып есептеледі. Әңгіме «Ярыштың» Семей қаласындағы Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарынан жасақталған командаға қарсы өткізген кездесулеріне қатысты. Әскери тұтқындар арасында біздің командаға қарсы 1912 жылғы Олимпиада ойындарының екі қатысушысы өнер көрсеткен. Қазақстандық футболдың қарлығаштары алғашқы ойындарын Қазан төңкерісіне дейін күз сайын өткізілетін атақты Семей жәрмеңкесі өтетін алаңқайда өткізіп келді.
 
1915-16 жылдар
Танымалдығы күн санап артқан аяқдоп ойыны Павлодарға да жетті. Ертіс жағасындағы қалада «Ястреб» және «Звездочка» командалары пайда болды. Семей мен павлодарлық командалар Ресей империясының көршілес орналасқан губернияларының командаларымен жиі кездесе отырып футболдың Орта Азия мен Сібірде кең танылуына жол ашты.

1921 жыл
Жамбыл қаласында Қазақстандағы алғашқы футбол алаңы пайдалануға берілді.

1928 жыл
Петропавл қаласында Қазақ АКСР (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы) губернияларының командалары арасында  ресми жарыс өткізілді. Аталмыш турнирге қатысқан ойыншылардан Қазақстан тарихындағы тұңғыш құрама команда жасақталып, бұл ұжым РКФСР (Ресей Кеңестік Федеративті Социалистік Республикасы) облыстары мен автономиялары халықтарының I Бүкілодақтық жұмысшылар Спартакиадасы  іріктеу бәсекесіне қатысты. Қазан қаласында өткен жарыста қазақстандық команда бес кездесу өткізіп, турнир қортындысы бойынша екінші орынға ие болды.
 
1936 жыл
Қазақстандық команда алғаш рет Бүкілодақтық ресми бәсекеге қатысты. I КСРО Кубогінің  1/32 финалдық кездесуіне қатысудан бас тартқан Куйбышевтік клубтастарын алмастырған Ақтөбе қаласының «Динамо» командасы мәскеулік ЦДКА- мен кездесу өткізді. Матч қортындысы мәскеуліктердің пайдасында 4:0 болып аяқталды.

1937 жыл
Қазақстандық команда алғаш рет кәсіпқой клубтар арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Кеңес Одағының ІІІ Чемпионатындағы «Шығыс қалалары» тобында өнер көрсеткен алматылық «Динамо» жеті қатысушының арасында үшінші орынға ие болды.

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру